Биылғы жазда өңірлік туризм жаңа жобалармен толықпақ. 24–26 шілде аралығында Алматы облысында халықаралық деңгейдегі ірі мәдени-туристік шара — DRIVE FORUM GREAT ORDA 2026 фестивалі өтеді. Бұл жайында Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Миармбекұлы және жоба жетекшісі Абдуали Абдугали баспасөз мәслихаты барысында айтты. Фестивальге Қазақстаннан және шет мемлекеттерден келген жүздеген саяхатшы, жол талғамайтын көлік жүргізушілері, оверлендерлер мен автоклуб мүшелері қатысады деп күтілуде. Шараның негізгі мақсаты — Қазақстандағы автотуризмді дамыту және Ұлы Дала өркениетінің...